Шымкент қаласының 16-ықшамауданында бесқабатты үйлердің бірінде асылып қалған ер адам табылды, - деп хабарлайды "Отырар.kz". Шағын аудан тұрғындары денені жұма күні таңертең көрген. Бесінші қабаттың терезесінен ер адам асылып тұрған.

"Біздің жасақтың мамандары альпинистік құрал-жабдықты алып, оқиға орнына барды. Шын мәнінде ер адам бесінші қабаттың терезесінің тұтқасына байланған сымда асылып тұрды. Біздің мамандар ер адамды босатып, жерге түсірді. Ер адамның денесі аудандық ішкі істер бөліміне берілді", - деді Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаменті жедел-құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайтыс болған азаматтың аты-жөнін және өлімінің себебін анықтап жатыр.