Шымкент тұрғыны цех құрып, жалған нөмірлер жасаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент тұрғыны цех құрып, жалған нөмірлер жасаған Фото:polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады. Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден аса голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады. Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден аса голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік құралдары үшін жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді заңсыз дайындаған цехты анықтады.

"Мәселен, Самара – Шымкент тасжолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар кезінде Нива автокөлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болуы мүмкін екеніне күмәнданды. Полицейлер тез арада жедел әрекет етіп, көлік нөміріне қатысты жұмыстарды атқара бастайды. Осылайша олар көліктің жүргізушісіне таққан нөмірінің басқа адамға тіркелгенін айтып, түсіндіреді. Одан әрі қарай қырағылық танытқан сақшылар арнайы жоспар құрып, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін өткізеді. Нәтижесінде Шымкент қаласында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасап жатқан цехты анықтап, оның иесі ретінде жергілікті тұрғынды ұстады", - делінген хабарламада.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден аса голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Болған оқиғаның барлық жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети