Шымкентте 13 теміржол вагоны аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 13 теміржол вагоны аударылды Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкенттің теміржол станциясында 13 вагон жолдан шығып, аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің теміржол станциясында 13 вагон жолдан шығып, аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының теміржол станциясында болған. №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып (іші бос, құрамында 21 вагон болған), аударылып қалды.

"Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға себебі анықталып жатыр", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер еткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, қазір 5 жолаушысы бар 10 жүк пойызы тоқтап тұр.

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, "ҚТЖ" АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан 3 бірлік қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

Оқиға болған жерге Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және бір техника жіберілді. Жолды босату бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. 24 қазан, яғни бүгін сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін бір жол қалпына келтірілуі керек. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети