Шымкентте әкімдіктегі отырыс барысында шенеунік ұсталды: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте әкімдіктегі отырыс барысында шенеунік ұсталды: видео видео кадры

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков әкімдікте өткізген жиын барысында шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков әкімдікте өткізген жиын барысында шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жиын барысында облыс басшысы сыбайлас жемқорлық тақырыбын көтеріп, әкімдік қызметкерлерінің барлығы бірдей адал емес екенін айтты.

"Араларыңызда мемлекетшіл, адал кісілер көп. Сіздерге нақты айтқан болатынмын. Өткенді қалдырып, адал жұмыс істеңіздер деп... Әріптестер, дұрыс түсініңіздер, басқа менің амалым қалмады, бес айдан бері сұрап келе жатырмын", - деді әкім.

Аймақ басшысының сөзінен кейін қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің басшысы кейбір қызметкерлерге қоятын сауалдар бар екенін айтты.

Жиналысты Антикор қызметкерлері үзіп, залға кіріп, шенеуніктердің бірін алып кетті. Ол Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети