11 наурыз 2017 | 17:22

Шымкентте "әкімнің әйелінің" жолын кескен автобус жүргізушісі жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте "әкімнің әйелінің" жолын кескен автобус жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте "әкімнің әйелінің" жолын кескен автобус жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі "әкімнің әйеліне" қатысты атышулы оқиғада автобус жүргізушісі кінәлі болып шықты. Бұл туралы Шымкенттің жергілікті полиция қызметіндегілер хабарлады. Осылайша, № 42 қалалық маршруттың жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін жазаланып отыр.

"Біз автобус жүргізушісін таптық. Ол ереже бұзғанын мойындады. 1966 жылғы ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - деді жергілікті полиция қызметіндегілер.

Мұндай ережебұзушылыққа 10 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, жүргізушінің сол күні-ақ айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлегені айтылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін  "әкімнің әйелі" атышулы оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын. Желіде жолда тұрған әйелдің суреті жарияланып, онда әйелдің "әкімнің әйелімін" деп, автобус жүргізушісіне және жолаушыларға қоқан-лоққы көрсетті делінген мәлімет тараған еді. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші әйел апат жағдайын туғызған автобус жүргізушісін және шындыққа жанаспайтын мәліметті таратқан блогерді жазалау үшін ІІД-ге арыз жазған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети