26 қазан 2016 09:13

Шымкентте алты бірдей қыз босанып берген әйелі күйеуінен безіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін соққыға жығылды. 6-шы қызын босанған келіншекті күйеуі сабап, үйінен қуып жіберген. Үлкені 8 жаста, кішісі 8 айлық 6 баламен далада қалған Әлия Қайназарованы перзентханада танысқан әйел үйіне кіргізіпті. Оның да 6 баласы бар, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін соққыға жығылды. 6-шы қызын босанған келіншекті күйеуі сабап, үйінен қуып жіберген. Үлкені 8 жаста, кішісі 8 айлық 6 баламен далада қалған Әлия Қайназарованы перзентханада танысқан әйел үйіне кіргізіпті. Оның да 6 баласы бар, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Бір бөлмелі ғана аядай үй балабақшаға көбірек ұқсайды. Шиеттей 12 бала осында тамақтанады, ойнайды, ұйықтайды. 6 қыз туғаны үшін жазықты болып, күйеуінен өлердей таяқ жеген Әлия Қайназарова осының өзіне риза. Соңғы мәрте 5 күн бұрын жары соққыға жыққан оны перзентханада танысқан келіншек үйіне кіргізіпті", - дейді тілшілер.

"Басымнан ұрды. Қыздарымның көзінше тепкіледі.  Ұлдана қызым "папа ұрмашы" деп аяғына жалынды. Балалардың бәрі жылап бұрыш-бұрышқа тығылды. Қорқып қалған қазір", - деді әйел.

Қыз туғаны үшін таяққа жыққан күйеуі ақыры далаға қуып шыққан. Әлия енді амалсыз, таныс әйеліне қоңырау шалып, балаларымен өзі үстіндегі бір сыпыра киімімен осы үйде жүр. Соңғы мәрте Құрбан айтта ет жеген 6 балалы екі әйел біздің көзімізше ас дайындады. Онысы не еті, не картоп-сәбіз түгілі дәмдеуіші жоқ құр макарон. 

30 жастағы келіншек күйеуімен қосылғалы пәтер жалдап тұрып келген екен. Пәтер қожайыны ақша төлемедіңдер деп, балалардың құжаты мен киімдерін алып қалыпты. Мектеп жасындағы екі қызы бір аптадан бері сабаққа бармай жүр. Полицейлерге хабар берсе, олар да бас бұрмапты.

"Бөлек пәтерге шығып, қыздарымды  бақшаға жайғастырып, оқуын оқытсам деймін. Сосын жұмыс істесем деп жатырмын", - дейді Әлия Қайназарова

Ал, Әлияны қыздарымен үйіне кіргізген Ханымкүл екеуі 8 ай бұрын перзентханада танысқан екен. Телефонмен сөйлесіп тұратын құрбымның жағдайын естіп, бірден алып келдім дейді. Өзі жетімдер үйінде өскен 6 баласы бар жесір әйел Әлияға мемлекет көмектеспесе де үйден қумаймын дейді.

"Алланың берген сыйы. Періште ол. Бала-шағаммен қалғам мен де 3 жыл бұрын. Сол кезде маған баспана берген үкімет. Сол сияқты бола ма деген үмітте болып отырмын. Біреу қол ұшын берер. Қумаймын, бұл адамгершілікке жатпайды", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Ханымкүл Бейсебаева.

Әлия Қайназарова биліктен тек өзгенің қолында қалған құжатты алып беріп, үйдің кезегіне қояды ма деп үміттенеді. Күйеуімен ажырасуға жүрексінетін келіншек құзырлы орындар теледидардан көріп қол ұшын бермесе, жәй арызға полиция пысқырмайды", - дейді. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети