Шымкентте анасы мен қызын қағып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Шымкентте анасы мен қызын қаққан полиция қызметкері қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте анасы мен қызын қаққан полиция қызметкері қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасады. Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады. Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети