Шымкентте әскери қызметші жүгіру жаттығуларынан кейін қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте әскери қызметші жүгіру жаттығуларынан кейін қайтыс болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Шымкенттегі әскери қызметшінің қазасы туралы мән-жайды хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Шымкенттегі әскери қызметшінің қазасы туралы мән-жайды хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 жылғы 15 маусымда 6506 әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери қызметшілермен қашықтықты жаяу еңсеру бойынша жүгіру жаттығулары өткізілді. Іс-шара аяқталғаннан кейін әскери қызметші Б. өзін нашар сезінді және оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Әрі қарай ол Шымкент қаласының Бірінші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Келесі күні сағат 17:15 шамасында әскери қызметшінің қайтыс болғаны анықталды", - деді ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалған.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының және ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети