04 қазан 2017 12:26

Шымкентте ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде 10 жасар бала қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Отырар TV © Отырар TV

Шымкентте ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде 10 жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.


Шымкентте ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде 10 жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

"03.10.2017 жылы шамамен сағат 20-00-де Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметкерлерінен хабарлама келіп түскен. Онда Шымкент қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны ауруханаға барар жолда қайтыс болғаны туралы көрсеткен", - делінген хабарламада. 

Содан, оқиға орнына келіп жеткен Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің жедел-тергеу тобының қызметкерлері қаладағы шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде Шымкент қаласының кәмелетке толмаған 2007 жылғы тұрғынының үйінде өрт пайда болған. Нәтижесінде 10 жасар бала түтіннен уланған. Көршілер өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметін шақырған.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 105-бабымен "Өзін өзі өлтіруге жеткізу" тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети