Шымкентте екі баланың анасы ұрының қолынан телефонын алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте екі баланың анасы ұрының қолынан телефонын алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент тұрғыны баласымен көшеде жүргенде, ұры оның артқы қалтасынан телефонын алып алған. Алайда әйел абдырап қалмай, ұрының артынан жүгіріп, оны жерге құлатқан. Әйелге көршісі көмекке келіпті. Нәтижесінде ол телефонын қайтарып алған.
Видеодағы әйелдің есімі - Светлана. Оның айтуынша, оқиға 24 қазанда сағат 17:00 шамасында 16-шағынауданда болған. Светлана ер адам оған бірден күдікті болып көрінгенін жеткізді.
Светлана баласымен сағыздың қабын ашу үшін тоқтапты. Осы сәтті ұры өз пайдасына қолданғысы келген.
"Мен балаға алаңдап тұрдым, сағызды ашып жаттық. Қарасам, ер адам маған қарай жақындап келе жатыр. Сонша орын бар, неге қасымнан өткісі келді, бірдеңе күдікті деп ойладым. Содан кейін қолын шығарып жатқанын көрдім. Не үшін бұлай істеп жатыр деп ойладым. Артқы қалтамда телефон болды. Ол телефонды жұлып алды, мен де оны киімінен ұстап алдым. Оның артынан жүгірдім, қолымдағы пакеттер кедергі болды. Оларды лақтырып тастадым", - дейді Светлана.
Кейін Светлана ұрыны жерге жығып құлатқан. Әйелдің дауысын көршісі естіп, оған көмекке келген.
"Мен айғайлап, боқтап жаттым. Жақын маңда ер адам отырды. Ол "сені көрдім, аяғым ауырады, әрең жүгіріп жеттім" дейді. Ол бірнеше рет ұрды, ал мен телефонды алып, балама қайта жүгірдім. Мұның бәрі лезде болды. Полиция шақырған жоқпыз, ол ұсталмады, жөніне кетті", - дейді әйел.
Светлананың сипаттамасына сәйкес, қарақшы шамамен 35-40 жаста, бетінде тыртықтары бар.
Екі баланың анасының сөзінше, ол ешқашан спортпен айналыспаған.
"Менің екі балам бар. Үлкені 16-да, кішкентайы әлі 2 жасқа толмады. Күреспен айналыспаймын, өзім сондаймын. Ешқашан спортпен айналысқан емеспін", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!