Шымкентте балаларды азғындық жолға итермеледі делінген 83 жастағы күдікті қайтыс болды, - деп хабарлайды 24.kz.
Шымкентте балаларды азғындық жолға итермеледі делінген 83 жастағы күдікті қайтыс болды, - деп хабарлайды 24.kz.
Яссауи атындағы ХҚТУ клиникасы ревматология бөлімінің меңгерушісі Светлана Теннің мәлімдеуінше, зейнеткер 7 маусымда "Жүректің өткір жетіспеушілігі" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Ол тыныс алуы қиындап, ауыр халде түскен. Дәрігерлер зейнеткердің есі ауысып, өзін жөнді ұстамаған кездері болғанын айтты.
Еске сала кетейік, Шымкент тұрғындары балаларды азғындық жолға итермеледі делінген 83 жастағы қартты ұстауға полицейлерге көмектескен еді. Осы дерекке байланысты ҚР ҚК 124-бабы бойынша ("Балаларды азғындық жолға итермелеу") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан болатын.