24 тамыз 2018 16:17

Шымкентте балалы әйелді көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған жерде болған жол апатынан әйел адам мен оның баласы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.


Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған жерде болған жол апатынан әйел адам мен оның баласы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жол апаты 2018 жылдың 24 тамызында шамамен сағат 07.00-де Рысқұлов пен Адырбеков көшелерінің қиылысында болған. Mercedes, Opel және Gentra көліктері соғысып қалған. Куәгерлердің айтуынша, Gentra жүргізушісі "Евразия" сауда орталығына қарай бұрылған. Сол сәтте "Гиперхаус" жақтан жоғары жылдамдықпен Mercedes жүргізушісі келіп, екеуі соғысып қалған.

Нәтижесінде Gentra көлігі ұшып кетіп, жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан әйел мен оның баласын қағып кеткен. Алған соққыдан екеуі де қаза тапқан. 

Инерциямен  Gentra көлігі әрі қарай тағы бірнеше метрге ұшып кетіп, Opel көлігіне барып соғысқан. Алған соққыдан Opel жүргізушісі есінен танып, қаза болған. Қалғандарына медициналық көмек көрсетілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети