25 мамырда "TVK" телеарнасына Шымкент қаласының тұрғынынан WhatsApp желісі арқылы жағаұстатарлық бейнежазба келіп түскен. Бейнематериалда белгісіз ер адам 4 жас шамасындағы балаға физикалық күш қолданып, қорлап жатқаны түсірілген. Яғни, онда жасөспірімді көліктің доңғалақтарының ішіне салып қойып, басынан күрекпен аяусыз ұрып жатқанын анық көруге болады.

Видео жолдаған азаматша бұл бейнежазбаны құрбысынан алғанын жеткізген. Оның айтуынша, оқиға Шымкент қаласы, 11 мөлтекауданында болған. Нақты мекенжайы жоқ. Шағымданушылардың сөзінше, бұл оқиға жиі қайталанып тұрады екен.
Осыған байланысты телеарнаның атынан ОҚО ІІД сұрау хат жолдаған едік. Ішкі істер департаменті "қазіргі таңда ОҚО Ішкі істер департаментімен азаматтың жеке тұлғасын анықтау және жауапкершілікке тартуға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын" хабарлады.