13 жастағы баланы емдеймін деп өлтіріп алды деген күдікпен шымкенттік емшінің жұбайы осы жағдайдан соң күйеуінің жағдайы нашарлағанын айтады, - деп хабарлайды "Еуразия Бірінші арнасы".
13 жастағы баланы емдеймін деп өлтіріп алды деген күдікпен шымкенттік емшінің жұбайы осы жағдайдан соң күйеуінің жағдайы нашарлағанын айтады, - деп хабарлайды "Еуразия Бірінші арнасы".
Телеарнаның мәліметінше, қолы сынған баласын халық емшісіне апарған шымкенттік ата-ана қайғыдан қан жұтып отыр. Олар ұлын дер кезінде дәрігерге көрсетпегені былай тұрсын, баласының жарақатын асқындырып алыпты. Оның арты орны толмас қайғыға ұласып, жасөспірімді қараған сынықшы тергеуге алынған. Ал оның әйелі болса, кінәнің бәрі сыныққа салғырттық танытқан ерлі-зайыптыда дейді. Осы жағдайдан сон соң емшінің өзі күйзеліске ұшырап, бірнеше рет жәдел дәрдем көмегіне жүгінген екен.
Қайғылы жағдай 18-ықшамауданда болған. Осында тұратын халық емшісіне ата-анасы бір апта бұрын қолы сынған баланы емдеткен. Сынықшы оның қолын қайта салып беріпті. Алайда жарақат жазылудың орнына баланың денсаулығына кері әсер ете бастаған. Сол кезде анасының өтініші бойынша емші күнделікті ем-дом жасап, бақылап отыру үшін баланы өз үйі маңындағы уақытша пәтерге орналастырған. Бірақ неге екені белгісіз баланың жағдайы аяқ астынан нашарлап, жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.
Ал емшінің жұбайы оның маңына шаң жуытар емес. Бірақ ол қайғылы жағдайдан кейін күйзеліске ұшырап, науқастарды қабылдауды тоқтатқанын айтады.
"Ол бір апта келіп кеткен адам. Ештеме анықталмаған. Сол үшін бірнәрсені бізге жабуға асықпаңыздар. Уақыт сағаты келеді, барлығының ақ-қарасы шешіледі. Жарай ма? Дәл қазір асықпаңыздар. Емші күйзелісте. Шокқа түсіп қалған, күнде жедел жәрдем шақырып жатырмыз. Сол үшін мазаламаңыздар. Өтініш", - дейді емшінің жұбайы Ақмарал.
Көршілерінің айтуынша, бұл емшіге алыс-жақын шет елдерден де көптеген адам іздеп келетін көрінеді.
Еске салайық, мұның алдында шымкенттік емшінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. "Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 12 тамызыда 13 жастағы жасөспірімнің өліміне әкеп соққан себепті анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деген еді полициядағылар.