05 маусым 2017 | 17:53

Шымкентте бес жасар екі қыз бала зорланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Шымкентте екі баланы көршілері зорлап кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте екі баланы көршілері зорлап кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Бес жасар екі баланы көршілері зорлаған. "Бірінші жағдайда қыз үйдің ауласында ойнап жүріп, жылаған. Көршісі оны көріп, үйіне шақырып алған. Бастапқыда оны ойыншықтар беріп, жұбатқан да, кейін зорлаған. Екінші жағдайда да көрші зорлық қылған. Қыз бен бала үй ауласында ойнап жүрген. Көрші үйде тұратын адам қызды шақырып алып, ал ұлды қуып жіберген. Қашып кеткен бала сіңлісін біреудің алып кеткенін шешесіне хабарлаған. Шешесі қаскөй "іске кіріскелі жатқанда" барып тоқтатып үлгерген", - деді ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Полициядағылар екі ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы ("Зорлау") бойынша соталды тергеудің басталғанын хабарлады. Екі күдікті де ұсталды. Қаскөйлердің бірі - 1958 жылғы ер адам, екіншісі 1984 жылғы. 

Еске салайық, кәмелет жасына толмағандарға қатысты қылмыстардың бірі Шымкентте 22 мамырда, ал Абай ауданында 23 мамырда болған. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети