Шымкентте жаяу жүргіншілерді бетон араластыратын көлік соғып кете жаздады, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Бір көліктің видеотіркегішіне құрылыс машинасының жолдан ұшып кетіп аударылғаны жазылып қалған.

Видеоны TVK телекомпаниясы жариялады. Телекомпанияның мәліметінше, оқиға Ақназархан көшесіндегі бұрынғы троллейбус паркінің маңында болды. Аса жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік бұрылыста жолдан ұшып кетіп, аударылып қалды. Сонымен қатар, ол жол бойында тұрған микроавтобусқа соғылып, жаяулар жолымен кетіп бара жатқан екі адамды басып кете жаздады.
Жаяу жүргіншілер Құдай сақтап тірі қалды, дегенмен көлік бір әйелдің аяғын басып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан бетон араластыратын көліктің жүргізушісі де жарақат алды, ал бетонның барлығы жолға төгілді. Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.