© tvk-uko.kz
Шымкентте бір жасар қызды қарақұрт шағып алған, - деп хабарлайды TVK.
Шымкентте бір жасар қызды қарақұрт шағып алған, - деп хабарлайды TVK.
Оқиға 29 маусымда Абай атындағы саябақта болған. Әйел серуен барысында қолында өрмекшінің тұрғанын көріп, сілкіп тастаған. Осыдан кейін ол үйіне келіп, сәбиінің мазасызданғанын, кейін денесін қараса екі жерінен шаққан ізін байқайды. Жедел жәрдем бригадасы келіп, бір жасар баланы ауруханаға жеткізіпті.
Бастапқыда сәби токсикология бөлімінде жатыпты. Ата-анасының айтуынша, қыз бірнеше күн бойы жансақтау бөліміндегі барокамерада болған. Қазіргі уақытта, абырой болғанда, қыздың жағдайы түзеліп келеді екен. Ол жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды.