04 қараша 2019 | 11:31

Шымкентте бір үйдің екі баласы уланып, қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында тамақтан уланған екі бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне слітеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында тамақтан уланған екі бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне слітеме жасап.

3 қарашада таңғы 10-да жұқпалы аурулар ауруханасына әйел үш баласымен алдын ала "Тамақтан улану" диагнозымен түскен. Кейінірек ауруханада 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген балалар қайтыс болған.

Отбасы Еңбекші ауданындағы Алдияров көшесіндегі көпқабатты үйде тұрып жатқан. Әкесінің айтуынша, таңғы төртте олар жедел жәрдем шақырған. Олар келе салысымен отбасы мүшесінің барлығы уланғанын байқап, емдеу шараларына кіріскен. Кейін жағдай ауырлай түскен және 9:37-де қосымша жедел жәрдем шақырылған. Анасымен үш баласын ауруханаға жеткізген. 

"1987 жылғы әйел, 2018 жылғы ұлы және 2008 жылғы қызы аурухананың токсикология бөліміне жеткізілген. Сағат 11:00-де 2015 жылғы бала қайтыс болған. Кейінірек 14:00-де 2018 жылғы бала қайтыс болған", - делінген ТЖД хабарламасында. 

Олардың неден қайтыс болғаны тексеріліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Шымкент қалалық ТЖ департаменті үйді тексеріп шығып, улы газ болмағанын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети