ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2019 | 12:55
Шымкентте екі жұмысшы қаза тапқан төтенше жағдайдың себебі айтылды
Шымкент әкімдігі жер опырылып, екі жұмысшы қайтыс болған оқиғаның алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент әкімдігі жер опырылып, екі жұмысшы қайтыс болған оқиғаның алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімінің баспасөз қызметіндегілер алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға "Югстройсервис-Н" ЖШС мердігерінің қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтамауы себебінен болғанын хабарлады.
Сондай-ақ, ведомство өкілі оқиға Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығында болғанын айтты. Қазаншұңқырды 9 қабатты үш үйдің құрылысы үшін қазған. Тапсырыс беруші - қалалық құрылыс басқармасы. Жұмыстың конкурстық құны 1 миллиард 982 миллион 821 мың теңге. Нысан құрылысы 8 қазанда басталып, 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 8 қарашада Қаратау ауданының Нұрсат-3 шағын ауданында Назарбаев даңғылы бойында болды. Құтқарушылар пультіне хабар 20.54-те келіп түсті.
"ЮгСтройСервис-Н" ЖШС жұмысшылары жер қазып жатқанда топырақ опырылды. Жер астында 3 бірлік техника жүргізушілерімен бірге (1 тиегіш, 1 экскаватор және 1 каток) қалды. Қазаншұңқыр тереңдігі 20-25 метр, көлемі 37х37 метр", - деп хабарлады ТЖК өкілі.
Показать комментарии
Читайте также