Шымкентте жол-көлік оқиғасы салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте жол-көлік оқиғасы салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 3 сәуірде болған.
"Сағат түнгі 01:30 шамасында Арғынбеков пен Бәйтерек көшелерінің қиылысында 1993 жылы туған жергілікті тұрғын Mq350 көлігімен Daewoo Nexiа көлігіне соқтығысады. Daewoo жүргізушісі - 1998 жылы туған азамат. Оқиға салдарынан 9 адам зардап шекті: екі жүргізуші мен 1977, 1984, 2000, 2004, 2007 және 2013 жылы туған жеті жолаушы", - делінген хабарламада.
Аталған дерек СДТБТ-ға тіркеліп, 345-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Көлік айыппұл тұрағына қойылды, полицейлер болған жайттың мән-жайын анықтап жатыр дейді баспасөз қызметінің өкілдері.