Шымкентте каналдардың бірінде полицейлер ер адамның мәйітін тапты. 6 наурызда қайғылы оқиғаны қаладағы ықшамаудандардың бірінің тұрғындары полицияға хабарлаған. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.
Шымкентте каналдардың бірінде полицейлер ер адамның мәйітін тапты. 6 наурызда қайғылы оқиғаны қаладағы ықшамаудандардың бірінің тұрғындары полицияға хабарлаған. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.
Куәгерлер каналдан мәйітті көргенін айтқан. ІІМ мектебінен алыс емес жерде орналасқан 55 және 59 үйлердің арасынан өтетін каналдан ер адамның денесі ағып бара жатқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер қайтыс болған адамды көрген. Ер адамның жас шамасы - 30-35-те, жақсы киінген, қалтасында әмияны, ішінде жеке куәлігі мен банк картасы да бар. Сол жерге келген мед.қызметкерлер ер адамның қайтыс болғанына куәлік берген. Оқиғаның мән-жайын криминалист-мамандар анықтап жатыр.