Шымкентте футбол жанкүйерлері арасында жанжал шықты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте футбол жанкүйерлері арасындағы жанжал видеоға түсіп қалған. ІІМ өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте футбол жанкүйерлері арасындағы жанжал видеоға түсіп қалған. ІІМ өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер арасындағы қақтығыстың видеосы пайда болды. ІІМ өкілі осы оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

"29 қазанда сағат 17.30-да 102 нөміріне Шымкент тұрғынынан Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесі қиылысында жастар жиналып жатқаны туралы хабарлама түсті. А.Байтұрсынов көшесінде шамамен 50 шақты Ақтөбе тұрғыны ("Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері) 10 шақты Шымкент тұрғынын ("Ордабасы" футбол командасының жанкүйерлері) қарсы алғаны анықталды. Олардың арасында жанжал болып, оны полицейлер тоқтатты", - деді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Оқиғаға қатысы барлар Шымкент ПД әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жеткізілген.

"Сауалнамаға қатысқан адамдар төбелес дерегін жоққа шығарды, бір-біріне шағымдары жоқ. Бөлімшеге жеткізілгендерге қатысты профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп қорытындылады ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети