19 мамыр 2016 | 18:29

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды: Бір бала қаза тапты, тағы алты адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Avtoportal44.ru © Avtoportal44.ru

Шымкентте жол апатынан бір бала қаза тапты және тағы алтауы зардап шекті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте жол апатынан бір бала қаза тапты және тағы алтауы зардап шекті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ол бірнеше сағат бұрын жол апатынан зардап шеккен 5 баланың жеткізілгенін хабарлады. Үшеуі дәрігердің қарауы мен алғашқы жәрдем көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылған. Қалған екеуі ауруханаға жатқызылған. "8 жастағы бала мен оның 6 жастағы қарындасы қазір бізде. Екеуінің де жағдайы орташа. Қыздың миы шайқалған, баланың миына зақым келген. Бастапқыда оның денсаулығына алаңдап, жансақтау бөліміне жатқыздық. Бізге олар Audi A6 көлігі қаққаннан кейін жеткізіліпті", - деді Болат Нұсқабаев телефон арқылы.  

Ол бір баланың оқиға орнында қаза тапқанын, тағы біреуінің ауыр жағдайда қалалық балалар ауруханасында жатқанын хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, жаяулар жолымен келе жатқан балаларды аялдамаға жақындаған кезде көлік соққан. Олармен бірге екі ересек адам болған. Олар ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер біреуін үйіне жіберген, ал екіншісі жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. 

Көлік жүргізушісі ұсталды. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оның қанында алкогольдің бар-жоғы анқыталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын ОҚО ІІД анықтау бөлімі зерттеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети