Шымкентте жедел жәрдем көлігі мен бетон араластырғыш соқтығысты: видео

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жедел жәрдем көлігі мен бетон араластырғыш соқтығысты: видео видео кадры

Шымкентте жедел жәрдем көлігі бетон араластырғышпен соқтығысып, бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте жедел жәрдем көлігі бетон араластырғышпен соқтығысып, бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жол апатының видеосы жарияланды. Кадрларда жедел жәрдем көлігі жолмен келе жатқаны, осы сәтте бетон араластырғыш қиылыстан бұрылғаны көрінеді. Екі көлік соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем көлігінің жолаушысы – медицина қызметкері зардап шеккен.

Шымкент Полиция департаменті жедел жәрдем көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

"Зардап шеккен медицина қызметкерін дәрігерлер қарап шықты және ол үйіне жіберілді", – деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.63   557.14   6.08 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети