© pavlodartv.kz
Шымкентте жеңіл автокөлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Шымкентте жеңіл автокөлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Оқиға қала іргесіндегі "Тұран" шағынауданында кеше түскі уақытта болған. Бұрылыста жүргізушісі тізгініне ие бола алмаған "Волга" автокөлігі аялдамаға соғысқан. Салдарынан бір отбасының үш мүшесі ауыр жарақат алды.
Қазір олар ауруханананың жан сақтау бөлімінде жатыр.
"Тұран" шағынауданы тұрғындарының айтуынша, жөнделмеген жолдың кесірінен бұл маңда жол апаттары жиі болады екен.