Шымкентте жолаушылар автобусы аударылып, 15-ке жуық адам зардап шекті, - деп хабарлайды TBK.
Шымкентте жолаушылар автобусы аударылып, 15-ке жуық адам зардап шекті, - деп хабарлайды TBK.
Автобус Аймауытов көшесінде сағат 14.00 шамасында аударылған. Жедел жәрдем қызметі диспетчерінің хабарлауынша, оқиғадан 10-нан 15-ке дейін адам зардап шекті. Олар жедел жәрдем ауруханасының жарақат бөліміне жеткізілді. Әзірше жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар автобусының тежегіші істен шыққан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан бес адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Оқиға 3 маусымға қараған түні болды. Алдын ала мәлімет бойынша Volkswagen Vento көлігінің 23 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi-80 көлігімен соқтыққан. Оқиға салдарынан Audi-де болғандардың бәрі - ерлі-зайыпты мен оның 15 жастағы ұлы және Volkswagen-нің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.