Шымкентте жолаушылар автобусы ғимаратты соқты

06 Ақпан 2017, 09:58
0
Шымкентте жолаушылар автобусы ғимаратты соқты - © otyrar.kz
© otyrar.kz

Шымкентте жолаушылар автобусы Түркістан көшесіндегі ғимаратқа соғысты, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жүргізушінің айтуынша, ғимаратқа соғыспас бұрын автобустағы жылыту жүйесі істен шыққан. Содан ер адам жолаушыларды шығарып, жөндеу-техника базасына бармақшы болған. Бірақ тежегіштің істен шығуына байланысты жүргізуші тоқтауға қауіптеніп, адам жоқ жердегі ғимаратқа барып соғысқан.

"Соңғы кездері Шымкентте ең көп талқыланатын мәселелердің бірі - қоғамдық көліктердегі жүргізушілер мен жөндеуге келмейтін автобустар. Бірақ ол мәселені шешуге болады. Бірақ автобус жүргізушілерінің жол бойындағы шектен шыққан әрекеттерімен қалай күресуге болады?", - деп жазады басылымдағылар.

Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметіндегілердің мәліметінше, былтыр такси паркіндегі алты жүргізуші жол ережесін бұзғандықтан, жұмыстан шығарылған. Ал биыл бір адам жүргізуші куәлігінен айырылса, тағы біреуі жұмыстан босатылған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкент әкімі қалалық қоғамдық көлікті масқара деп атаған болатын. Қала әкімінің айтуынша, қаладағы көліктердің түсін бір ретке келтіру қажет (ақ пен жасыл түсті пайдалану). Ғабидолла Әбдірахымов аяладма маңында автобустарға арналған жолақтардың болуын талап еткен болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай