05 маусым 2014 15:14

Шымкентте жолдағы жанжалдың соңы кісі өліміне соқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kp.ru ©Kp.ru

Шымкентте көшедегі жанжалдың соңында 18 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте көшедегі жанжалдың соңында 18 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізушілер көшеде бір-біріне жол бермеген. Жігіттер өзара дауласып, арты пышақтасуға ұласады. Жанжалға қатысушылардың бірі - 1988 жылғы күдіктінің полицейлерге берген жауабына қарағанда, ол сол күні туысқандарымен бірге Audi көлігімен келе жатқан. Бір кезде ВАЗ-21099 автокөлігі оның жолын бөгеген. Ол көлікте арақ ішіп алған төрт жас жігіт болған. 

Жанжалдан кейін Audi жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған, алайда ВАЗ-21099 жолаушылары оны қуып жетіп, тиісе бастайды. "Олар машинамды ұрғылай бастады, маңдай әйнегімді сындырды. Мен пышақ алдым да сермей бастадым. Бір кезде біреуге сұғып алғанымды түсіндім. Ақ көйлек киген жігіттің қаны сорғалап жатқанын көрдім. Олар кейін шегінді", - дейді күдікті. 

Пышақ тиген 18 жастағы жігіт алған жарақатынан қайтыс болған. Оның денесі үйінің жанынан табылды. Пышаққа жығылған тағы бір жігіт ауруханаға түсті. Бұл дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети