28 шілде 2023 09:22

Шымкентте жүк көлігі сегіз жеңіл көлікті соқты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Howo миксер жүк көлігі сегіз жеңіл көлікті соққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.


Шымкентте Howo миксер жүк көлігі сегіз жеңіл көлікті соққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 26 шілдеде сағат 10:15 шамасында болған. "Самал" базарына қарай бағыт алған жүк көлігі Рысқұлов және Қазиев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда тоқтап тұрған сегіз автокөлікті соққан.

Салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Camry көлігінің жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жүк көлігінің тежеуіші кенеттен істен шыққан. Ал оны тізгіндеген жүргізушінің жүк көлігін басқаруға құқығы жоқ екені анықталған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети