Шымкентте жүрегі 10 минут бойы соқпай қалған ер адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жүрегі 10 минут бойы соқпай қалған ер адам құтқарылды Фото: otyrar.kz

Шымкенттік дәрігерлер 10 минут бойы жүрегі соқпаған науқастың өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік дәрігерлер 10 минут бойы жүрегі соқпаған науқастың өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

40 жастағы ер адам №2 қалалық ауруханаға "гиповолемиялық шок" және "бүйрек жетіспеушілігі" диагнозымен аса ауыр жағдайда жеткізілген.

"Науқастың жүрегі 10 минутқа тоқтап қалды, оны дереу реанимация бөліміне жатқызды. Жедел жүргізілген реанимациялық шаралардың арқасында дәрігерлер жүрек ритмін қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосты", – делінген хабарламада.

Кейін науқас бес күн бойы нефрология бөлімшесінде ем алып, жағдайы жақсарған.

"Дәрігерлер тобының үйлесімді жұмысының арқасында науқастың жағдайын тұрақтандыру мүмкін болды және қажетті ем-домнан кейін ол үйіне шығарылды", – деп мәлімдеді реаниматолог Жасур Мұхитдинұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети