28 мамыр 2019 10:45

Шымкентте жүргізуші алты баланы қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Opel Kadett маркалы автокөліктің жүргізушісі алты баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкентте Opel Kadett маркалы автокөліктің жүргізушісі алты баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2019 жылы 27 мамырда шамамен 15:30-да аялдамалардың бірінде болған. Зардап шеккендердің бірі қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған бес бала жеңіл жарақат алған және үйлеріне қайтарылды. 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Бірнеше сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети