Биыл маусым айында әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда аты-жөні аталмаған полиция инспекторы туралы видео тарады. "Шымкент түбінде полицей жүргізушіні тоқтатып, өз ойынан ереже бұзушылық ойлап тапқысы келді, ал әңгіме соңында екеуі де бір-біріне былапыт сөз айтып, кете барған", - делінген еді Instagram желісіндегі ztb_video парақшасына жүктелген видеоның сипаттамасында.

Ескерту, былапыт сөздер айтылады!
Енді Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері екі ай өткеннен кейін видеоға түсіп қалған полицейді тауып отыр. Сөйтсек, оқиға 2015 жылдың көктемінде болған екен.
"Тексеру барысында 2015 жылдың мамыр айында түсірілген видеосюжетті тексеру барысында онда ОҚО ІІД ЖПҚ ЖППБ-ның аға сержанты А.Баймұсаевтың бар екендігі анықталды, ол "Ваз-21014" көлігінің жүргізушісіне қорлау сипатындағы сөздерді айтқанын мойындады. "Құқық қорғау қызметі туралы" заңның 57-бабының 10-бөлігіне сәйкес, тәртiптiк жаза тәртіптік терiс қылық мәлiм болған күннен бастап бiр айдан және тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады. Бұл видеосюжеттегі оқиғаның 2015 жылдың мамыр айында болғандығына байланысты аға сержант А.Баймұсаевты тәртіптік жазаға тарту мүмкін емес", - делінген ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.