04 маусым 2015 22:13

Шымкентте жүргізушіге шабуыл жасаған үш полицей жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com ©Youtube.com

Шымкентте жүргізушіге шабуыл жасаған үш полицей жұмыстан қуылды, олардың басшылығы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент БІІБ басшысы Данияр Мейірханға сілтеме жасап.


Шымкентте жүргізушіге шабуыл жасаған үш полицей жұмыстан қуылды, олардың басшылығы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент БІІБ басшысы Данияр Мейірханға сілтеме жасап.

Тәртіптік комиссияда қызмет бабында азаматтармен дөрекі сөйлескен полицейлерді жазалау туралы мәселе қызу талқыланды. Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін 720-шы экипаждың инспекторлары Ағманов, Рысқұлов және Жұманов ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды. "Жеке құрамға бақылау жасамағаны үшін взвод командирінің міндетін атқарушы қызметінен босатылды. Рота командиріне толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту жарияланды. Тәрбие жұмысы және қызмет бойынша полк орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды. Ведомство бақылауының жоқтығына байланысты полк командиріне де сөгіс жарияланды", - деді Данияр Мейірхан. 

Аты-жөні анықталған жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 379-бабы бойынша ("Билік өкіліне бағынбау") сотқа дейінгі өндіріс жүріп жатыр. 

Еске сала кетейік, шымкенттік экипаж Интернетке полицейдің жүргізушіден құжатты талап етіп, кейін бейпіл сөз айтқаны және қорқытып, көлікті соққылағаны бейнеленген видео жүктелгеннен кейін әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді. Сол уақытта жүргізушінің шын мәнінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды, ол, Данияр Мейірханның айтуынша, бағдаршам қызыл жанып тұрған сәтте жүрген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети