Шымкентте Қазақстанның туымен қоқыс шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Қазақстанның туымен қоқыс шығарылды © Tengrinews.kz

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары қоқысты Қазақстанның туына салып шығарды. Тазалық жұмыстарын кездейсоқ көріп қалған куәгерлер бұл жайтты суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары қоқысты Қазақстанның туына салып шығарды. Тазалық жұмыстарын кездейсоқ көріп қалған куәгерлер бұл жайтты суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суреттерден жұмысшылардың бактағы қоқысты салып алу үшін мемлекеттік туды жерге төсеп қойғанын көруге болады. Мемлекеттік ту сол сәттің өзінде аянышты жағдайда жерде жатыр. Суреттен қоқыс жинайтын көліктің мемлекеттік номерін анық көруге болады.

© Tengrinews.kz

Шымкенттің МІІБ басшысы подполковник Данияр Мейірханның айтуынша, басқарма қызметкерлеріне суреттегі көліктің иесін іздеп, түсінік алу үшін оны табу жөнінде тапсырма берілді. "Түсініктеме алынатын болады, жұмыс тобынан да, мемлекеттік рәмізді осылайша қорлауға жол берген компания басшыларынан да", - деді Данияр Мейірхан.

Оның айтуынша, қоқысты мемлекеттік тумен тасығандар ҚР ҚК 372-бабы "Мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша жауапқа тартылатын болады. Бұл бап бойынша айыптылар екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығына шектеу қойылады немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети