Шымкентте қоқыс контейнерінен нәресте өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қоқыс контейнерінен нәресте өлі табылды Видео кадры: instagram.com/otyrarkz

Шымкентте қоқыс контейнерінде жатқан пакеттің ішінен нәресте өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қоқыс контейнерінде жатқан пакеттің ішінен нәресте өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

18 қазанда полицияға Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшігін тазалау кезінде жаңадан туған сәби өлі табылғаны туралы хабар түскен.  

"Оқиға орнында "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС қызметкерлері күн сайынғы тазалық жұмыстары кезінде қоқыс контейнерінде жатқан пакеттің ішінен нәрестенің мәйітін тауып алған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полиция департаменті өкілдері Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети