Шымкентте көпбалалы әйел 9-қабаттан секірмек болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте көпбалалы әйел 9-қабаттан секірмек болған Фотоколлаж: ©Tengrinews.kz

Шымкентте көпбалалы ана 9-қабаттан секірмек болған. Әйелді полиция қызметкерлері құтқарып қалды, - деп хабарлайды OTYRAR.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте көпбалалы ана 9-қабаттан секірмек болған. Әйелді полиция қызметкерлері құтқарып қалды, - деп хабарлайды OTYRAR.

Басылым мәліметі бойынша, қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің шатырында әйел өзіне қол жұмсамақ болған. Оны көргендер дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары дер кезінде қайғылы оқиғаның алдын алған.

"Ол жерге барып, әйел секірмек болып тұрғанын көрдік. Жігіттермен шатырға шықтық, бізге жақын тұр екен. Басында сөйлесіп көрмек болдық, бірақ пайда болмады, ол секіруге шақ қалды. Оның көйлегінен ұстап, өзімізге қарай тартып алдық, кейін ол жұлқына бастады", - деді полиция қызметкері Сұңғат Әбілов.

Полицейлердің айтуынша, әйелдің бұл әрекетке баруына күйеуімен жанжалдасып қалуы себеп болған. Әйел күйеуімен ұрысып қалғанын, сондықтан өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан.

"Оны тыныштандырып, дәрігерлерге тапсырдық. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі, біздің міндетіміз құтқару, адам өмірін сақтап қалу үшін бәрін жасау. Осыдан кейін оны полиция бөліміне апардық, ол бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен екен. Оның күйеуі де полиция бөліміне жеткізілді, қазір тергеушілер барлық мән-жайды анықтап жатыр", - дейді полицей Сұңғат Әбілов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети