Шымкент орталығындағы Республика даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылған, олардың үшеуі кәмелетке толмаған, - деп хабарлайды TVK.
Шымкент орталығындағы Республика даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылған, олардың үшеуі кәмелетке толмаған, - деп хабарлайды TVK.
Мәйіттер 10 желтоқсанда түстен кейінгі уақытта №31 үйдің төртінші қабатынан табылған. Бұл пәтерді бір отбасы жалдап тұрғаны анықталды.
Өлі табылғандардың бірі төрт жаста, 12 және 13 жастағы екі жасөспірім және олардың әжесі.
"Туыстарымен көршілері балалар мен ересектердің көрінбей кеткеніне алаңдаған. Туыстары осыдан кейін дабыл қағып, құтқарушылар мен полицейлерді шақыртқан. Есікті бұзып кіргенде олардың жансыз денесі жатты. Соған қарағанда, олар екі күн бұрын өлген. Алдын ала нұсқа бойынша, өлім себебі - газ болуы мүмкін. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.