Шымкентте құлаған үй туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте құлаған үй туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, 2017 жылдың 8 қаңтарында шамамен сағат 03.30-да Шымкент қаласында Халықтар достығы көшесінде орнадасқан екі қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі қабатты үй қираған. Айта кетейік, үй толықтай қирап, жарамсыз болып қалған.
ҚР Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Бахрамов Руслан оқиға болған үйдің маңында тұрады екен. Ол жарылысты естіп, көшеге жүгіріп шыққан. Осы сәтте қираған үй жақтан баланың жылаған даусы естіледі. Руслан Бахрамов әйеліне жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды бұйырып, айғай естілген жаққа жүгірген.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Руслан Бахрамов дер кезінде батыл әрекет етіп, үйіндінің астынан Жұмалиевтер отбасын алып шыққан. "Д.Д.Жұмалиев, оның әйелі, бір жасар қызы және әйелінің шешесі далаға шығарылған, алайда Жұмалиевтің әйелі алған жарақатынан қаза тапты", - делінген хабарламада.
Отбасыны үйінді астынан алып шыққан старшинаны марапаттау туралы ұсыныс жасалғаны айтылады.
Айта кетейік, осыған дейін апат-құтқару шаралары барысында ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері - 23 адам және 3 арнайы техника, апатты-құтқару жасағының 44 адамы және 6 арнайы техникасы (олардың ішінде кинолог мамандар мен иттер, медициналық-психологиялық қызметтің мамандары), өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмысының - 17 адамы мен 4 арнайы техникасы, Апатты медициналық орталығының 3 қызметкері, 4 жедел жәрдем көлігі құрамында 16 адам және 4 арнайы техника тартылғаны хабарланған еді.
ОҚО ІІД 30 қызметкері оқиға болған жерді қоршауға алып, сонымен қатар 4 энергетика және газ саласының мамандары осы аудандағы электр қуаты мен газды өшірген еді.