Шымкентте мас әйел полицейді тістеп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. Басқарманың мәліметінше, бір тәуліктің ішінде полиция қызметкерлеріне қарсылық білдіру бойынша екі бірдей дерек тіркелген.

"Жол-патрульдік полкінің қызметкерлері Шымкент көшелерінің бірінен араққа сылқия тойып алған әйелді байқап қалды, ол өтіп бара жатқандарға жабысқан. Полицейлердің ескертуіне мас әйел агрессивті түрде жауап берді. Тәртіп сақшысының біріне жұдырық ала жүгірген әйел оны тырнап, тістеп алды. Мас әйел полицияның Абай аудандық бөліміне жеткізілді. 1965 жылы туылған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Билік өкіліне қарсылық таныту бойынша дерек Шардара ауданында да тіркелді. Полиция бөліміне 1985 жылғы тұрғыннан хабарлама келіп түсті, ол өзін күйеуінің ұрып жатқанын жеткезді. Оқиға орнына учаскелік испектор аттанды.
"Полицей мас ер адамды тыныштандыруға тырысқанда, ол інісімен бірге полицейді ұрып, ақшасы мен қызметтік куәлігін тартып алып, қашып кеткен. Бірнеше сағаттың ішінде полицейлер 1981 және 1994 жылғы екі күдіктіні ұстады. Олардан заттай айғақтар тәркіленді: тартып алынған ақша мен қызметтік куәлік. Бұған қатысты екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, "Билік өкіліне қарсылық көрсету" және "Тонау". Күдіктілер қамауға алынды", - деп хабарлады ОҚО полицейлері.