Шымкентте ішіп алған үш ер адам полицейлерден қашпақ болып, оларды ұрып-соққан, - деп хабарлайды Оtyrar.kz. Олар полиция сержанты мен старшинасының пагондарын жұлып тастаған.
Шымкентте ішіп алған үш ер адам полицейлерден қашпақ болып, оларды ұрып-соққан, - деп хабарлайды Оtyrar.kz. Олар полиция сержанты мен старшинасының пагондарын жұлып тастаған.
Оқиға 3 шілдеде болған. Полицейлер кезекшілік кезінде жүргізушінің мас екенін байқаған. Заң өкілдерінің талаптарын орындамай, жүргізуші қашуды ұйғарған. Алайда қалтарысқа бұрылған көлік тығырыққа тіреліп, ары қарай жүре алмады.
Көліктен шыққан жүргізуші мен екі жолаушы полицейлерге тап берген. Оларды тек тәртіп сақшыларының келесі экипажы ғана тыныштандыра алды. Полицейлер оларды ұстап, медициналық куәләндыруға жеткізді.
"Сараптама үшеуі де орташа деңгейде мас екенін көрсетті. Қазір олар кінәсін мойындап, істегендеріне өкінетіндерін айтты. Екі қылмыстық бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді тергеу бөлімінің басшысы Жандос Сұлтанов.