Шымкентте Mercedes көлігінің 20 жастағы жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 28 шілдеде шамамен таңғы сағат 7.00-де Шымкент қаласы Тогус ауылында болған.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, жүргізуші көліктің тізгініне ие бола алмаған. Жол апатынан алған ауыр жарақаттың салдарынан 1966 жылғы әйел мен 1977 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары оқиға орнында қаза тапты. Таңғы үш жаяу жүргінші: 1984, 1986 және 1992 жылы дүниеге келген жергілікті үш тұрғын түрлі жарақаттармен Шымкент қалалық ауруханаға жеткізілді. Тағы екі зардап шегуші дәрігерлерге қаралған соң, үйлеріне қайтарылды.
Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Mercedes көлігінің жүргізушісі өз кінәсін мойындап отыр. Ол Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.