Шымкентте мешіттегі ұстаз балаларды ұрған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© egovpress © egovpress

Шымкент қаласындағы мешітте ұстаз жеті және тоғыз жастағы екі балаға күш қолданған. Қазнетте жантүршігерлік видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласындағы мешітте ұстаз жеті және тоғыз жастағы екі балаға күш қолданған. Қазнетте жантүршігерлік видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода балалардың арқаларында соққы іздері, көгерген және қан бар екені көрінеді. Кәмелетке толмағандар аят пен хадис жаттамағандықтан дін қызметкерінен таяқ жеген.

Алайда бұл нұсқаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жоққа шығарды. Ведомствоның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, діни тәлімгер жеке басының мәселесіне байланысты ашуланып, балаларға қол көтерген. Кәмелетке толмағандардың ата-анасы балаларын мешіт қызметкеріне оқуға берген. Ол бос уақытында үйінде балаларды оқытқан. Мешіт қызметкері этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған.

"Оқиға Шымкентте болды. Сарыағаш ауданының тұрғындары өз сыныптасы - мешіт тәлімгерінен ұлдарына дін сабағын беруін өтінген. Өкінішке қарай, Таспау Сәлімбай мешітінің ұстазы Рүстем Асқаров күнделікті басқа да мәселелерге ашуланып, кәмелетке толмағандарға қол көтерген. Оқиға медреседе болмаған. "Құранды дұрыс оқымағаны үшін балаларды соққыға жыққан" деген пікір шындыққа жанаспайды. Қорытынды жасауға асықпауларыңызды сұраймыз", - деді ҚМДБ өкілі.

Видеоға Шымкент Полиция департаментінің қызметкерлері де жауап берді. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша Тұран аудандық полиция бөліміне тіркелді", - деді Шымкент ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer