Шымкентте мұсылман моншасының ғимараты жанып кетті деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
"30 наурызда сағат 11.15-те №2 мұсылман моншасының үшқабатты ғимаратында өрт болды. Өрт 12.23-те ауыздықталып, 12.59-те залалсыздандырылды. Өртті сөндіруге Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 128 адам мен 22 техника қатысты", - делінген министрліктің хабарламасында.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртенген аудан - 580 шаршы метр.
Еске сала кетейік, ақпан айында Ақтөбе облысында жеке моншаға түсіп жатқан үш адам пеш иісінен уланып қалған болатын. Олардың бірі сол жерде қайтыс болып, екеуі ауруханаға түсті.