30 қыркүйек 2015 | 15:11

Шымкентте оқушыны соққыға жыққан мектеп директорының орынбасары жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.kz © Otyrar.kz

Шымкентте 11-ші сыныптың оқушысын соққыға жыққан мектеп директорының орынбасары жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық білім беру басқармасы төрағасының орынбасары Айгүл Текебаева айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте 11-ші сыныптың оқушысын соққыға жыққан мектеп директорының орынбасары жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық білім беру басқармасы төрағасының орынбасары Айгүл Текебаева айтып берді.

Педагогты жұмыстан шығаруды №27 мектептің барлық мұғалімі қолдады. "Біз мектепте үлкен жиналыс өткіздік. Оған сонда сабақ беретін 85 мұғалім қатысты. Мұғалім өз кінәсін мойындаған жоқ, жұмыстан да кеткісі келмеді. Оның мұндай іске алғаш рет барып отырмағаны белгілі болды. Біз оны жұмыстан шығаруды ұйғардық", - деді Айгүл Текебаева.

Ол сыныпта болған оқиға туралы жәбірленуші Дәулет Құлтайдың сыныптастарының айтып бергенін айтып өтті. Олар мұғалімнің оқушыны ұрғанын растаған. Мұғалім білім саласында 13 жыл қызмет еткен болып шықты. Жұмыстан шығарылған мұғалім мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен бөлек АӘД пәнінен сабақ берген. Бірақ жәбірленуші оқыған сыныпқа бұл пәннен басқа мұғалім сабақ беріпті.

Сонымен қатар, ОҚО ІІД баспасөз қызметі осы дерек бойынша "Кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу кезінде өз міндеттерін орындамау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғанын айтты. Ол 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 75 күнге қамауға алынуы мүммкін. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте мұғалімнің оқушыны ұрғаны хабарланған болатын. Оның мұндай іске баруына оқушының үй тапсырмасын қайталауын сұрауы себеп болыпты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети