14 тамыз 2017 10:13

Шымкентте ойынханаға қарулы шабуыл жасалды: Үш адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент полицейлері ойынханаға қарулы шабуыл жасаған үш күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент полицейлері ойынханаға қарулы шабуыл жасаған үш күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталғандар 10 тамызда қаладағы ойынханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған. 

Оқиға орнына келген полицейлер түнгі уақытта бетперде киген белгісіз біреулердің қарумен шабуыл жасағанын анықтады. Сондай-ақ, олар күзетшіні қорқытып, кассадағы ақшаны иеленбекші болған. Ақшаны ала алмаған соң қарақшылар оқиға орнынан жасырынған.

"Бұл дерек әл-Фараби ауданының сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыстық ашу үшін және күдіктілерді ұстау мақсатында полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды, Жедел-іздестіру шаралары барысында әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері үш күдіктіні - Шымкент қаласының 1986 жылғы және 1988 жылғы тұрғындарын ұстады", - деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері.

Тінту жұмыстары барысында полицейлер ұсталған күдіктілерден заттай дәлелдер ретінде бетперделерді, автомат, "ПМ" тапаншасын, травматикалық қару мен оқ-дәрілерді тәркіледі.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша 192- бабы "Қарақшылық" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғкалды. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети