Шымкентте такси жүргізушісін тонаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте такси жүргізушісін тонаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті полиция қызметіне 26 жастағы такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Құқық қорғау қызметкерлері күдктіні жедел ұстау жоспарын жариялап, Төле би ауданынан бұрын сотталған ер адамды қолға түсірген. Ол Шымкент қаласының 1992 жылы дүниеге келген тұрғыны болып шықты.
Полицейлердің мәліметі бойынша, күдікті Сайрам ауылына барар жолда такси жүргізушісінен тоқтауын өтінген. Содан кейін қарумен қорқытып, жүргізушінің бағалы заттарын тартып алған және көлікті де айдап кеткен.
Күдікті көлікпен кетіп бара жатқан жерінен ұсталды және одан заттай айғақ ретінде ойыншық тапанша тәркіленді.
Қазіргі кезде қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Соталды тергеу жұмыстары басталды.