10 тамыз 2016 | 11:30

Шымкентте өзін-өзі өртеген әйел қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© belrynok.ru © belrynok.ru

Шымкентте өзін-өзі өртемек болған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық гипербариялық оттектеу орталығындағы жансақтау бөлімінің дәрігерлеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте өзін-өзі өртемек болған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық гипербариялық оттектеу орталығындағы жансақтау бөлімінің дәрігерлеріне сілтеме жасап.

Жансақтау бөліміндегі дәрігерлердің айтуынша, 45 жастағы әйел қатты күйген. Әйел сол күйі есін жимай, қайтыс болды. "Ол қатты күйіп қалған. Денесінің жоғарғы жағы 55 пайызға күйіп кеткен. Әйел ауруханаға жеткізілгенде, ол мүлдем сөйлей алмады", - деді күйік бөлімінің меңгерушісі Мұхит Досыбаев.

Еске салайық, кеше, 9 тамызда Шымкент саябағында бір әйел өзін-өзі өртеген болатын. "Күндіз шамамен сағат 13.35-те саябақта орналасқан қалалық ІІБ стационарлық постына саябақ аумағында белгісіз бір әйелдің өзін-өзі өртемек болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Шымкент қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметкерлері барып, әйелді құтқаруға жүгірген. Кейіннен олар өртті сөндіріп, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырды", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети