Шымкентте полицей жүргізушіге жұдырық ала жөнелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте полицей жүргізушіге жұдырық ала жөнелді © Youtube.com

Шымкентте белгісіз жол полицейі жеңіл автомобильдің жүргізушісі мен жолаушысына бас салды, сонымен қатар, оларды балағаттап, қоқан-лоққы көрсетті. Видеоны oo-osa.org порталы YouTube сайтындағы арнасында жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте белгісіз жол полицейі жеңіл автомобильдің жүргізушісі мен жолаушысына бас салды, сонымен қатар, оларды балағаттап, қоқан-лоққы көрсетті. Видеоны oo-osa.org порталы YouTube сайтындағы арнасында жариялады.

Оқиға 21 мамырда Шоқан Уәлиханов көшесінде, № 40 мектепке қарама-қарсы жерде болды. Тоқтаған жүргізуші жол полицейінен ереже бұзғандығын дәлелдеуін сұрады. Ер адам онсыз құжат көрсетуден бас тартты. Жүргізуші хаттама толтыру үшін ғана құжаттарын беруге келісті, бірақ полицей хаттаманы әкелген жоқ.

Сол себепті полицей құжатты ала алмай, ашуға мінді. Кадрдан полицейдің екеуара әңгімені видеоға түсірген жолаушыға қол көтергенін көруге болады. Осыдан кейін ол машинаны сыртынан тағы бірнеше рет ұрды. Сонымен қатар, полицейдің "Келесі жолы ұстасам, хаттама толтырамын" дегенін естуге болады.

Кейін белгілі болғандай, Шымкенттегі  "ОСА" ҚБ филиалының директоры Денис Шевченко Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының атына құқық қорғау органының қызметкеріне шара қолдану жөнінде арыз берді. "Бұл полицейлердің тарапынан жолаушылар мен жүргізішілерге алғашқы күш көрсету емес", - делінген хабарламада.

 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети