10 шілде 2015 | 10:13

Шымкентте полицей ірі жол апатын жасады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TVK телеарнасы © TVK телеарнасы

Шымкентте полицей жол талғамайтын көлікке соғылып, ірі жол апатын жасады, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте полицей жол талғамайтын көлікке соғылып, ірі жол апатын жасады, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Жол-көлік оқиғасы Жандосов пен Қонаев көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, полицейдің формасын киген ер адам Lada Granta автокөлігінің тізгінінде отырған. Ол көшелердің қиылысына бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан атып шыққан, ал сол сәтте жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігі сол жаққа бұрылып бара жатқан. Соның салдарынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан Lada автокөлігі жол талғамайтын көлікпен соқтығысты. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, бұл жол апатынан бір адам зардап шекті - алдын ала мәлімет бойынша полицей. Ол аяқтың ашық сынығын алып, ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда полиция автомобилінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында кішкентай қыздың зардап шеккені хабарланған болатын. Ол кезде жол апаты болған жерде түсірілген видео жарияланды. Видеожазбада полиция қызметтік көлігінің Ақсай қаласындағы Советская көшесінің бойында тұрғаны көрінеді, апат болған жерде куәгерлер жиналған. Куәгерлердің айтуынша, кішкентай қызды жаяу жүргінші жолымен кетіп бара жатқан кезінде полиция автокөлігі қағып өткен. Өңірдегі ІІД баспасөз қызметінің өкілдері "ВАЗ-21214" автомобилінің жүргізушісінің жасаған жол апаты дерегіне байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, оның қорытындысында процессуалдық шешім шығады. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, жүргізуші мас болмаған.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети