04 наурыз 2021 | 09:44

Шымкентте полицейлер журналистерге қол көтерген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Шымкентте "Астана" және "31 арна" телеарнасының журналистері мен полицейлер жанжалдасып қалды, - деп хабарлайды "Отырар".


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте "Астана" және "31 арна" телеарнасының журналистері мен полицейлер жанжалдасып қалды, - деп хабарлайды "Отырар".

Оқиға 2 наурызға қараған түні болған. Тілші Бахрамбек Талибжанов пен Бахром Абдуллаев өрт шыққан автобөлшектер қоймасына келген. Тәртіп сақшылары оларға түсірілім жасауға тыйым салған. Сөйтіп жанжал туған. 

Абдуллаевтың сөзінше, оны әріптесі қорғап шыққан, артынша полиция қызметкері оның ернін жырып, бірнеше рет бүйрек тұсынан ұрған.

"Бір полиция қызметкері ашуланып, екіншісі ары тұруым үшін кеудемнен итеріп жіберді, мен "Не үшін?" деп сұрай бастадым. Сосын мені басқа полицейлер қоршап алды, 5-6 адам. Талибжанов жағдайды көріп, араласа бастады. Ол біз журналист екенімізді және түсіріп жатқанын айтты, сосын адамдар айғайлап сөйлесе бастады да Бахрамбекті алып кетті. Мен біреуі оны қолынан, екіншісі аяғынан ұстап алып бара жатқанын көрдім, төртінші полицей келіп, оны ұрып жіберген сәтті видеоға түсіріп үлгермедім", - дейді Абдуллаев.   

Республикалық БАҚ репортерлері полиция бөлімшесіне жеткізілген, Абдуллаевтың сөзінше, полицейлер олардың арызын қабылдамай, керісінше түсіндірме жазуды талап еткен. Жәбірленуші медициналық сараптамаға оқиға болғаннан кейін екі күннен соң ғана шақырылған. 

"Қазір Бахрамбек сараптама жасады, жарақаттарын қарап жатыр, сол күні ерні қанап кеткен болатын, әлі күнге дейін бүйрегі ауырып жүр, сол күні бүйрегінен екі рет ұрғанын айтады", - дейді "31 арна" тілшісі. 

Басылым мәліметінше, сол түні тілшілер қызметтік міндетін атқарған. 

"Біз өрт шыққан жерге жақын баруды ойлаған жоқпыз, адамдармен бірге орнымызда тұрдық. Өртке қарай бас ұрған жоқпыз. Иә, менде "Пресса" деген жазуы бар киім болған жоқ, бірақ қолымда қызметтік куәлігім болды. Әділдікке қол жеткіземіз, біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және қолданыстағы барлық заңды сақтауымыз керек", - деді тілші. 

"Астана" телеарнасының мәліметінше, Шымкент полиция бөлімінің басшысы журналистермен жеке кездесіп, олармен болған жағдайды талқылады. Генерал Facebook желісіндегі парақшасында журналистерден кешірім сұрады. Оның айтуынша, ведомствода қызметтік тексеру басталды. Сонымен қатар, генерал қызметкерлері мұндай әрекетке адамдардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу үшін барғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети